Халықаралық әскери бақылаушылар Қазақстанда болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция, Бельгия және Нидерландыдан келген әскери бақылаушылардың инспекциялық тобы Қазақстан аумағында инспекция өткізді.
None
None

Іс-шара ЕҚЫҰ-ның әскери-саяси өлшемі шеңберіндегі Сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы 2011 жылғы Вена құжатының ережелеріне сәйкес өткізіліп отыр.

Семей, Аягөз гарнизондарының бөлімдерін тексеру барысында инспекциялық топпен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор М. Бектанов кездесті. Әскери бөлімдерде болған халықаралық инспекторлар біздің еліміздің Вена құжатының ережелерін толықтай орындайтындығын растады, Бұл Қазақстанның халықаралық шарттар мен келісімдер шеңберінде өзіне алынған міндеттемелерді қатаң сақтайтындығын кезекті рет дәлелдеді. Шетелдік инспекторлар қазақстандық әскери қызметшілердің жоғары кәсібилігі мен жауынгерлік дағдысын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар
Референдум