Халықаралық аймақтық туристік жәрмеңкеде 1 мыңнан астам келісімшарт жасалды - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Көкшетауда «Бурабай» қысқы спорт кешенінде өткен «Туризм. Сауықтыру.Саяхат-2010» халықаралық аймақтық туристік жәрмеңкеде алдағы күні бірлесіп жұмыс істеуге бағытталған 1 мыңнан астам келісімшарт жасалды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тішісі.

Облыстық туризм, спорт және денешынықтыру басқарма бастығының орынбасары Шынарбек Батырхановтың айтуынша, дәстүрлі шараға еліміздің 12 өңірі мен ресейдің бірқатар облыстарынан 300 өкіл қатысты. Әрбір туристік фирма, сауықтыру және шипажай орталықтарының өкілдері, турагенттік пен туроператорлар өз мүмкіндігін кеңінен насихаттап, жаңа қызмет түрлерін ұсынған болатын. Олар қонақүй шаруашылығын жақсарту, саяхаттық тур, туристік кадрлар дайындау жөнінде ойларын ортаға салып, қолданбалы өнер кәсіпкерлігін өркендетуге ұсыныстар жасады. Ақмола өңірінде өткен жылы туризмді дамыту ісіне бюджеттен 17 миллион теңге қарастырылып, жыл соңында жарты миллиард теңге төңірегіндегі қайтарымға қол жеткізілген. Жыл ішінде өңірде туризм шарасымен бір миллион адам қамтылған. Алдағы уақытта айтулы табыс еселеніп арттырылатын болады. Бурабай-курорты аймағында туризм кластерін дамыту мақсатына 2020 жылға дейінгі кезеңге 3 миллиард АҚШ доллары қарастырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар