Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Оралда спорттық жарыс өткізілуде

ОРАЛ. Мамырдың 30-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мамырдың 30-ында Оралдағы «Жас дәурен» балалар кешенінде спорттық жарыс өткізілуде,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл шараны облыстық ішкі істер департаменті «Динамо» дене тәрбиесі-спорт қоғамы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалымен және облыстық білім басқармасымен бірлесіп ұйымдастырып отыр. Жарысқа балалар үйлерінен командалар қатысып, олар шағын футбол, дойбы және туризм техникасынан сынға түсуде. Шара барысында есірткімен күреске белсене қатысушыларға да сыйлықтар табыс етілетін болады.
Соңғы жаңалықтар