Халықаралық деңгейдегі көрмелер өткізетін ірі кешендер салу ісін қолға алу қажет ? дөңгелек үстел отырысы

АСТАНА. Мамырдың 26-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қаржы дағдарысының салдарынан елдегі ұйымдастырылатын көрмелердің алаңдары өткен жылдан бері 70 пайызға кеміді.
None
None
Ал көрме, жәрмеңкелер қызметін реттейтін тиісті құжаттың жоқтығы бұл саланың қызметін кері тартып отыр. Бұл мәселені бүгін «Қазақстан Республикасындағы көрме қызметін дамытудың перспективалары мен проблемалары. Көрмелер тиімділігін бағалаудың әдісі» атты дөңгелек үстел отырысында «Қазақстандық көрмелер мен жәрмеңкелер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Ерлан Орынтаев көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның мәліметтеріне қарағанда, өткен жылы еліміз бойынша 150-ден астам жәрмеңкелер мен көрмелер ұйымдастырылып, оларға 140 мың шаршы метрді құрайтын экспозиция алаңы салынған. Осы көрмелерге 40 мыңға жуық шетелдік қатысқан. «Сарапшылардың мәліметтеріне сүйенсек, 1995-2007 жылдар аралығында елдегі көрмелер мен оған қатысушылар саны екі есеге артқан. Осыған орай көрме ұйымдастыру шараларының сапасы да айтарлықтай өскен. Ал өткен жылдан бері көрме ұйымдастырылатын экспозиция алаңдарының көлемі 70 пайызға тарылғандығы байқалып отыр», - деді қауымдастық президенті. Оның сөзінше, бүгінде республикада халықаралық деңгейде көрме ұйымдастыруға болатын 2 арнайы кешен бар. Олардың көлемі 48 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. «Қазіргі таңда еліміздегі бірде-бір көрме кешені техникалық және өзге де мүмкіндіктері жағынан Еуропаның кешендерімен бәсекелесе алмайды. Әлемдегі осындай кешендердің орташа кеңістігі 100 мың шаршы метрден кем емес. Мысалы, Париждегі көрме кешені 554,8 мың шаршы метрді алып жатса, Ганноверде оның көлемі 478,9 мың шаршы метр. Ал Франкфуртте 400 мың шаршы метр. Миландағысының өзі 270 мың шаршы метрге созылып жатыр. Жалпы біз еліміздегі көрмелер жөнінде сөз қозғағанда, әдетте Алматы мен Астана қалаларында ұймдастырылатын көрмемен байланысты шараларды ғана айтамыз. Ал шын мәнінде көрме ұйымдастыратын арнайы алаңдардың жоқтығы қазір үлкен проблемаға айналды», - деді Е.Орынтаев.
Соңғы жаңалықтар
Референдум