Халықаралық ғарыш стансысының ғарышкерлері Қазақ жеріне қонды

деп хабарлады Ресей жаңалықтар агенттігі.
Халықаралық ғарыш стансысынан оралған кемеде Ресғарыш ғарышкерлері Олег Новицкий мен Евгений Тарелкин, сондай-ақ НАСА астронавты Кевин Форд бар.
Мәскеу түбіндегі Ұшуларды басқару орталығы коментаторының айтуынша, экипаж жайлы қонды. Төменге құлдилаған «Союз» аппаратының қонуын Ресавиациясының үш ұшағы, «Ми-8» 14 тікұшағы және 8 іздеу-қауіпсіз жерге көшіру машинасы қамтамасыз еткен. Бірнеше уақыттардан кейін ғарыш саяхатшылары капсуладан шығарылады.
Естеріңізге сала кетейік, бастапқыда ғарышкерлердің Жерге оралуы наурыздың 14-нен 15-ні қараған түнге жоспарланған еді. Дегенмен, Қазақстанда, «Союз» аппараты қонуы тиіс ауданда ауа райының қолайсыз болуына байланысты бір тәулікке кейінге шегерілді.
Халықаралық ғарыш стансысына жаңа экипаж наурыздың 28-інен 29-ына қараған түнде Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз ТМА-08М» кемесімен жөнелтіледі. Экипаж құрамында Ресғарыш ғарышкерлері Павел Виноградов пен Александр Мисуркин, сонымен қатар НАСА астронавты Кристофер Кэссиди бар.