09:45, 30 Қазан 2015 | GMT +5
Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерлер Алматыдан табылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерлер Алматы қаласында ұсталды, деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметінен.
Алматы қалалық ІІД есірткіге күрес және криминалды полиция басқармасының қызметкерлері 53 жастағы Ресей азаматын ұстады. 53 жастағы ер адам РФ Татарстан автономиялық республикасының Елабуж ауданының тумасы болып шықты. РФ ҚК 132 бабы бойынша (күштеп зорлық көрсету) айыпталып келген ер адамға құқық қорғау органдары қыркүйекте халықаралық іздеу жариялаған. Сондай-ақ Алмалы ауданының ІІБ Өзбекстан елінің 50 жастағы азаматын ұстады. Ташкент МІІД хабарлауынша, ер адам өз елінде аса ірі көлемде қаржы жымқырғаны үшін айыпталып отыр. Ол бірнеше жылдар бойы іздеуде жүрген. Қалалық полицияның баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір екеуі де уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Іздеу жариялаған құрылымдар олардың ұсталғаны жайлы хабардар етілді.