Халықаралық келісімдерді талапқа сай жүзеге асырып отырған Қазақстан сияқты елді қолдау үлкен мәртебе - БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун

АНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспанәлиев/ - «Қазақстан Өркениеттер альянсының маңызды әріптесі», деді бүгін БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун.
None
None

Бұл туралы ол бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сіздер өзге мемлекеттерге үлкен үлгі көрсетіп отырған елсіздер. Қазақстан адам құқықтары мен ұлттық және өзге де азшылықтардың құқықтарын қорғауға бағытталған көптеген халықаралық құжаттарды ратификациялады. Олардың арасында балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі, нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрлеріне тыйым салуға қатысты құжаттар бар. Және әйелдерді кемсітудің барлық түрлеріне тыйым салу жөніндегі конвенцияларға қол қойды», деді Халықаралық ұйымның Бас хатшысы.

Оның сөзінше, елдегі балалар мен әйелдердің және өзге де азшылықтардың құқықтарына құрметпен қарау, БҰҰ хартиясының маңызды бөлігі. «Сонымен қатар, бұл бәріміз үшін моралдық борыш және экономикалық интерактив. Кемсітушілік пен әділетсізділік тұрақты даму бағытындағы әрекеттердің барлығын тежейді. Азшылықтардың тілі мен мәдениетін сақтай отырып, Қазақстан ұзақ мерзімді тұрақты дамуға жол салды. Осындай маңызды міндеттерді жүзеге асырып отырған елді қолдау БҰҰ үшін үлкен мәртебе», деді Пан Ги Мун.

Соңғы жаңалықтар