Халықаралық корпорациялар Елбасы Жолдауын зерделеуде - Е.Қарин

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық корпорациялар Қазақстан Президентінің Жолдауын зерделеуде. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникциялар қызметінде өткен «Нұрлы жол: Қазақстанның жаңа стратегиялық көкжиегі» атты дөңгелек үстел барысында Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин білдірді.
None
None

«Президент Жолдауы тек қана қазақстандық сарапшылардың ғана емес, сонымен бірге шетелдік мамандардың да зор қызығушылығын тудырды. Мен таяуда бірқатар халықаралық компаниялардың сарапшыларымен кездестім. Олар маған халықаралық корпорациялардың орталық кеңселері өздерінің өңірлік құрылымдарына Қазақстан Президентінің Жолдауы мен жаңа экономикалық саясатын зерделеп, сараптама жасауға кеңес беріпті. Бұл аталған компаниялардың стратегиясын жоспарлауға қажет болуда», - деді Е.Қарин.

Соңғы жаңалықтар