Халықаралық құқықтық ынтымақтастық қоры Қазақстанның Жоғарғы сотымен тығыз қарым-қатынас орнатпақ - қор директоры Матиас Веккерлинг

анның 29-ы. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы Мұсабек Әлімбеков немістің Халықаралық құқықтық ынтымақтастық жөніндегі қорының директоры Матиас Веккерлингпен кездесті,
None
None

деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметінен. 

Тараптар ынтымақтастықтың перспективасын, өзара мүдделі өзекті мәселелерді талқылады.

М.Әлімбеков Матиас Веккерлингке Қазақстанның сот жүйесіне аударып отырған назары үшін алғыс білдіріп, Қазақстанның Жоғарғы соты ұзақ жылдар бойы түрлі халықаралық ұйымдармен іскерлік ынтымақтастық орнатқанын, соның нәтижесінде көптеген бірлескен жобалар жүзеге асырылғанын атап көрсетті.

Ол сондай-ақ, шетелдік әріптестермен арадағы ынтымақтастықтың «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқанын атап көрсетті, бұл бағыттағы негізгі міндеттер еуропалық елдердің сот органдарымен өзара қарым-қатынасты қолдау, тәжірибе алмасу, біліктілікті жетілдіру және құқықтық ақпараттармен алмасу мақсатында өзара сапарларды ұйымдастыру, сондай-ақ сот өндірісінде ақпараттық технологияларды қолдану жөніндегі еуропалық тәжірибені зерттеу екенін айтты.

Матиас Веккерлинг өзі басқаратын қордың қызметі туралы әңгімелеп берді.

Соңғы жаңалықтар