Халықаралық Қызыл Крест ұйымының Орталық Азиядағы аймақтық өкілдігі журналистер арасында байқау жариялайды

АСТАНА. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Халықаралық Қызыл Крест ұйымының Орталық Азиядағы аймақтық өкілдігі журналистер арасында байқау жариялайды.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өткен дөңгелек үстел отырысы барысында өкілдіктің ақпараттық бағдарламалар жөніндегі қызметкері Сергей Саяпин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Байқау Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің кеңістігі шеңберінде ұйымдастырылып, Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай ұйымының маңызы мен Орталық Азиядағы гуманитарлық қызметі тақырыбында жарияланған үздік мақалалар мен радио, телесюжеттер таңдалынып алынады.

Байқауға қатысты толық ақпаратты Халықаралық Қызыл Крест комитетінің сайтынан алуға болады: www.icrc.org/rus .

С. Саяпиннің айтуынша, маусымның 18-іне дейін жарияланымға түскен материалдар конкурсқа қатыса алады. Мақалалар мен сюжеттер өзіндік өзгешелігі бар, біртума, соны болуы тиіс. Сонымен қатар шығармаларда авторлық ұстаным мен журналисттік кәсібилілік айқын сезіліп, тілшінің тақырыпты терең меңгергендігі танылуы қажет. «Сондай-ақ жарияланған материалдар тілге жеңіл, ұғынықты және айқын жазылуы басты назарға алынады» дейді С. Саяпин.

Материалдар маусымның 30-ына дейін қабылданады.

Соңғы жаңалықтар