16:21, 02 Маусым 2009 | GMT +5
Халықаралық сарапшылар ШЫҰ-ға Орталық Азия мемлекеттерін біріктіре алатын маңызды факторға қабілетті деген баға береді
БІШКЕК. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Орталық Азия аймағы елдерінің сарапшылары маусымның 5-6-ында Ыстықкөлде өтетін ШЫҰ мәселесі жөніндегі халықаралық конференцияға дайындалуда,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШЫҰ-ның өзекті мәселелері жөніндегі Ыстықкөлдегі халықаралық конференция қарсаңында маусымның 3-інде Бішкекте ТМД елдері институты аймақтық филиалының директоры Александр Князевтің, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі Қоғамдық ғылымдар академиясы Орталық Азия Институтының директоры Пан Джипиннің, Өзбекстан және Қырғызстан сарапшыларының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді. Онда сарапшылар ШЫҰ-ның аймақ елдерін біріктіру факторына қабілеттілігіне баға береді, ұйымның біріктіре алу әлеуетін қарайды, көрші елдер мен байқаушы елдердің саяси әлеуетін таразылайды.«ШЫҰ» Орталық Еуразияны ықпалдастырудың факторы ретінде: «байқаушы елдер мен көрші елдердің әлеуеті» халықаралық конференциясы маусымның 5-6-сы күндері Ыстықкөл жағалауында өтеді. Конференция жұмысына Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Үндістан, Иран, Пәкістан, Түрікменстан, Ұлыбритания, Франция, Германия, ШЫҰ секретариатынан барлығы 50-ден астам саясаттанушылар мен сарапшылар қатысады деп күтілуде.