Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінде батысқазақстандық М.Зұлпұхарұлы бірінші орынды иеленді

ОРАЛ. 13 қараша. ҚазАқпарат - Астана қаласында өткен ХVІ халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінен батысқазақстандықтар табыспен оралды.
None
None

Облыстық халық шығармашылығы орталығынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш додаға Қазақстан мен ТМД елдерінен 500-ге жуық үміткер қатысса, соның 40-ы БҚО-дан болатын. Зеленов ауданынан барған Меңдібек Зұлпұхарұлы «Эстрадалық вокал» аталымы бойынша бірінші жүлдені иеленіп қайтты. Сондай-ақ «Қыз Жібек» би ансамблі «Хореография» аталымында үшінші орынға көтерілді. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен Әйгерім Сәрсенова «Үздік әдеби шығармадан» Нағима Өтепова атындағы арнайы сыйлық иегері атанды. Теректілік әнші Айбек Дәулетқалиев, облыстық халық шығармашылығы орталығының бишілері Әсел Дәулетқалиева мен Райгүл Жұмақаева, Тасқала ауданынан «Шежіре» фольклорлық ансамблі дипломант атағын еншіледі.

Соңғы жаңалықтар