Халықаралық стандарттарға сәйкес кедендік бақылау ? Жамбыл облысы

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ – Дүниежүзілік банктің техникалық қолдауымен және Дүниежүзілік сауда ұйымына ену талаптарымен жүзеге асырылып отырған 2008-2012 жылдарға арналған кеден қызметін дамыту жобасы Қазақстан-Қырғызстан «Айша-Бибі – Шоң-Қапқа» өткізу бекетінде қоланылады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Айша-Бибі» кеден бекетінің басшысы Руслан Хасеновтың ақпараты бойынша, 2006 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасында өткен жылғы сәуірде ратификацияланған Қазақстан-Қырғызстан Мемлекеттік шекараларын бірлесіп бақылау туралы келісімге қол қойылды. Көрші мемлекеттің кеден қызметтерімен бірлесіп бақылау жүргізу тәртібі талқыланды, «Айша-Бибі ? Шоң-Қапқа» көпжақты автомобиль өткізу бекеті арқылы адамдарды, тауарларды және көлік құралдарын өткізудің сұлбасы бекітілді. «Іс-шараның ерекшелігі ? бірлескен бақылаудың қазақстандық өткізу бекетінің аумағында жүргізілуінде. Бірлескен бақылауды енгізуді халықаралық институттар ұсынды, оның нәтижелері «бір терезе» қағидатын қамтамасыз ету болмақшы. Жобаның іске асырылуы кеден қызметінің қызметтерін халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға мүлтіксіз қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге, кедендік төлемдер мен салықтардың көлемін ұлғайтуға, сыбайлас жемқорлықты төмендетуге, елдің ұлттық қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.Бірлескен өткізу бекеті білікті кадрлармен, үй кешенімен, құрал-жабдықтармен, бақылаудың техникалық құралдарымен, кедендік рәсімдеудің және бақылауды жүргізудің автоматты үдерісін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелермен қамтамасыз етілген.ҚР Үкіметі ҚР Қаржы министрлігі Кедендік-бақылау комитетінің шекара арқылы жүк алып өтуді барынша тездету үшін біріккен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі бастамашылық ұсынысын мақұлдады», ? деді Р. Хасенов.
Соңғы жаңалықтар
Референдум