Халықаралық театр фестивалін ұйымдастырушылар инновациялық қойылымдарға уәде беруде

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 24 қарашада Халықаралық театр фестивалі басталады - бұл Алматы қаласы мәдениет басқармасының жобасы, ол «Достастықтың мәдени астаналары» және «Алматы - Достастық елдерінің мәдени астанасы» жылы халықаралық бағдарламалары аясында өткізілуде.
None
None

Ұйымдастырушы - «Откровение» мәдениет және өнер саласын дамыту қоғамдық қоры.

Фестивальға ТМД елдерінен бес театр ұжымы және Қазақстаннан екі театр қатысады. Спектакльдер 29 қарашаға дейін жалғасады.

«Фестивальға ТМД елдері театрларының инновациялық қойылымдары таңдалып алынды. Соңғы осындай шара 2002 жылы өткізілді. Осынша ұзақ уақыт өткеннен кейін біз корермендерімізге жаңа театрлық үлгілер ұсынғымыз келеді және өздерінің таетрға көзқарасын кеңейткенін қалаймыз. Қазылар алқасының құрамы да әртүрлі. Біз оған әлемдік театрлық тәжірибесі бар бүгінгі таңдағы ТМД кеңістігіндегі үздік арт-менеджерлерді қостық». - дейді ХТФ-ны ұйымдастырушылардың бірі, продюсер Ольга Сұлтанова.

Фестивальдің мақсаты - 2013-2014 жылдардағы маусымның ТМД елдеріндегі инновациялық театр қойылымдарын көрсету, театр өнеріндегі заманауи үдерістердің дамуын анықтау, арт-менеджерлер мен театр қайраткерлерінің тәжірибе алмасуы, сондай-пақ 2014 жылғы ТМД елдерінің мәдени астанасы ретіндегі Алматының театр өмірін жандандыру болмақ.

Фестиваль ауқымында 26 қарашада дөңгелек үстел өтеді, онда сыншылар мен драматургтер, ТМД елдерінің академиялық және жеке театрларының өкілдері театр саласының өзекті проблемаларын және Қазақстанның театр нарығын талқылайды.

Соңғы жаңалықтар