Халықаралық жарыста батысқазақстандық аударыспақ шебері үздік шықты

ОРАЛ. 13 қараша. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында көкпар мен аударыспақтан мемлекет қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Асанбай Асқаров атындағы ХІ халықаралық турнирден батысқазақстандықтар табысты оралды.
None
None

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлағанындай, Қазақстан, Қырғызстан және Қытай шабандоздары қатысқан жарыста облыстық ат спорты түрлері балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Жанәділ Ғазизов (жаттықтырушысы - Жәнібек Бисекешев) 60 келі салмақ дәрежесінде аударыспақтан бірінші орынды жеңіп алды. Спорттың осы түрімен айналысып жүргеніне небәрі 2 жыл болғанына қарамастан, Жанәділ шілде айында Павлодар қаласында өткен ұлттық ат спорты мектептерінің арасындағы ҚР І турниріне қатысып, аударыспақ пен теңге ілуден жүлдегер атанған болатын. Ал тамыз айында Жамбыл облысының Мерке ауданында өткен ұлттық ат спорты түрлерінен жастар арасындағы республикалық турнирде аударыспақтан тағы да жүлдегерлер қатарынан көрінген еді.

 Шымкентте болған жарыста Жанәділдің бапкері, спорт шебері Жәнібек Бисекешев 70 келі салмақта аударыспақтан 3-орынды иеленді.

Соңғы жаңалықтар