Халыққа сапалы ауыз су жеткізу - Үкімет басымдығы - К.Мәсімов

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Халыққа сапалы ауыз су жеткізу - Үкімет басымдығы.
None
None

Бұл туралы сәрсенбі, шілденің 7-сі күні Степногор қаласының өндірістік аймағындағы су жеткізуші магистраль жағдайымен танысу барысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.

Үкімет басшысы Қаржы министрлігіне ел аймақтарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін қаражат бөлу мәселесін қарастыруды тапсырды.

«Мен осындай тапсырманы Қаржы министрлігіне жүктеймін. Біз күзде бюджетті нақтылаймыз. Басымдық ауыз суға бөлінетін болады. Сондықтан бұл жерде ақшаны нәтижелі жұмсау үшін ресурстар бойынша бөліп қарастыру керек», - деді К.Мәсімов.

«Қорытындысында - адам кранды ашады. Жақсы су болса - билік те жақсы жұмыс істеген, жаман су болса - биліктің те жаман жұмыс істегендігі. Ал бұл аймақтық мәселе», - деді К.Мәсімов Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченкоға қаратып айтқан сөзінде.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсіов жұмыс сапарымен Ақмола облысында жүр.

Соңғы жаңалықтар