Халықтар достығының қазақстандық «брендiн» тану үшiн шетелдерден 60-тан аса өтiнiш түскен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы үш жылда шетелдiк сарапшы топтар, әртүрлi елдердiң ғалымдары мен дипломаттары этносаралық келiсiмдi қалыптастырудағы Қазақстанның тәжiрибесiн үйрену үшiн ҚХА хатшылығына 60-тан аса өтiнiш жiберген.
None
None

Бұл туралы бүгiн "Қазақстан Республикасындағы этносаралық қатынастар саласын құқықтық реттеу мәселелерi" туралы өткен дөңгелек үстел барысында ҚР Әдiлет министрiнiң орынбасары Зәуреш Баймолдина мәлiм еттi.

"Мемлекет басшысы негiзiн қалап берген этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келiсiмнiң қазақстандық үлгiсi брендке айналды. Бұл бренд елiмiзде ғана емес, шет елдерде де кең таныла бастаған құбылыс. Соңғы үш жылдың өзiнде ғана Ассамблеяның хатшылығына осы қоғамдық келiсiмдi нығайтудағы Қазақстанның тәжiрибесiн үйрену үшiн шетелдiк сарапшы топтардан, шет ел парламенттерiнен, әртүрлi елдердiң ғалымдары мен дипломаттарынан 60 өтiнiш түскен", - дедi Әдiлет вице-министрi.

З.Баймолдина атап өткендей, ҚХА халықаралық ұйымдармен, атап айтсақ, ШЫҰ, ЕАЭО, АӨСШК сияқты құрылымдармен ынтымақтастықты бiр iзге салу жөнiнде тиiстi шараларды жетiлдiре түсуi керек. "Осы жылдың сәуiрiнде өткен ҚХА-ның 22-шi сессиясында Мемлекет басшысы да осы ынтымақтастық мәселесiне көп тоқталды. Әсiресе, Елбасы тапсырғандай, Қазақстан халқы Ассамблеясы Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы серiктестерiмiзбен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету жөнiндегi жұмыстарды бiр iзге салуы керек", - дедi З.Баймолдина.

Соңғы жаңалықтар