12:13, 29 Қазан 2015 | GMT +5
Халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейту арқылы оңтайландыру бөлігінде бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.