Халықты ауызсумен қамтамасыз ету бағдарламасына биыл 100 млрд.-тан астам теңге бөлінеді

Бұл туралы бүгін ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің алқа мәжілісінде ведомствоның жауапты хатшысы Салауат Дембай мәлім етті.
Оның сөзінше, бұл соманың 47,5 млрд. теңгесі қалаларда сумен қамтамасыз ету желілерін және арықтарды салуға, 42,2 млрд. теңгесі осы мақсаттарға, бірақ ауылдарға бағытталады. Сонымен қатар бюджеттік бағдарлама аясында бөлінген 5,1 млрд. тенге іздестіру-барлау жұмыстарына, 18,9 млрд. теңге су жүйелері мен гидротехникалық құрылыстарды салуға және қайта жаңғыртуға жұмсалмақ.
«Ақбұлақ» бағдарламасында көрсетілген жүйелі тәсілдердің негізінде қазіргі уақытта 55 қалаға жалпы құны 2,4 млрд. теңге инвестиция бөлудің дәйектемесі жасақталуда. 350 млн. теңгеге 27 қаланың және 500 млн. теңгеге 356 ауылдық елдімекеннің сумен қамтамасыз ету желілері мен арықтарын зерттеу шаралары жүргізілуде. Бірінші жартыжылдыққа қарастырылған 41,9 млрд. теңге толығымен игерілді», - деді ол.
«2012 жылы ерекше маңызды топтық және жергiлiктi жүйелерiнен ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша қызметтерiнiң құнын субсидиялауға 4,3 миллиард теңге ескерiлген. Осы қаржының арқасында 741 елдімекеннің 2,1 млн. тұрғыны төмендетілген баға бойынша сумен қамтамасыз етілді», - деп түйіндеді сөзін С. Дембай.