«Халықтық IPO» аясында брокерлік есеп-шоттар тегін ашылды

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының Қоғамдық қабылдау бөлімінің ұйымдастыруымен «Халықтық IPO» бағдарламасын түсіндіру жұмыстары өтті. Партия өкілдері «Астана-энергия» АҚ-да болып, кәсіпорын қызметкерлеріне акцияларды сатып алу туралы жан-жақты айтып берді.
None
None

Бүгін осы іспетті шара пратияның барлық бөлімшелерінде өтті. Оның аясында ел азаматтары «Халықтық IPO» бағдарламасы туралы қажетті ақпаратты алып қана қоймай, Қазпоштаның кез келген бөлімшесінде брокерлік есеп-шотты тегін аша алады. «Халықпен жұмыс жасаудың бұндай шаралары Қазақстанның барлық аймақтарында өткізіледі. Бүгін де қала тұрғындары ғана емес, шалғай жерде тұратын ауыл адамдары да «Халықтық IPO» бағдарламасымен жан-жақты танысуға мүмкіндік алды», - дейді «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының Қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Жұмажан Жүкенов.

Соңғы жаңалықтар