«Халықтық IPO» бағдарламасының мүмкіндіктері туралы өңірдің барлық тұрғыны білуі қажет - Павлодар облысының әкімі

ПАВЛОДАР. 23 қазан. ҚазАқпарат - Павлодарда облыс әкімі Ерлан Арын өткізген кеңес өңір тұрғындары арасында «Халықтық IPO» бағдарламасын ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге арналды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.
None
None

Облыс әкімі атап өткендей, «Халықтық IPO» - Қазақстанның қор нарығы тарихындағы ең ірі жоба, сарапшылардың пайымдауынша, оған 160 мың адам қатысады.

«Шағын және орта бизнес өкілдері арасында белсенді, кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізу талап етіледі. Ақпараттандырудың әртүрлі әдістерін қолдану керек: «дөңгелек үстелдер» мен онлайн кездесулер, селекторлық кеңестер, «Қазтрансойл» мен «Қазпошта» АҚ өкілдерінің қатысуымен теледидар және радио бағдарламаларын дайындау қажет.  Қазақстанның ірі компаниясы акциясының иесі атану мүмкіндігі жайлы  әрбір адамға түсіндіру қажет», - деді өңір басшысы.

Соңғы жаңалықтар