«Халықтық ІРО» аясында КЕГОК компаниясының акциясына 1,5 млрд теңгеге 4 мың тапсырыс жасалды - Е. Бахмутова

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Халықтық ІРО» аясында «КЕГОК» компаниясының акциясына 1,5 млрд теңгені құрайтын 4000 тапсырыс жасалды. Бұл туралы бүгін Сенатта өткен басқосуда «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Елена Бахмутова мәлімдеді.
None
None

Еске сала кетейік, қараша айының 5-інен бастап «Халықтық ІРО» бағдарламасы аясында «КЕГОК» компаниясының акцияларын сатып алуға тапсырыс беру басталды. Халықтық науқан бір айға жалғасады, ал ондағы компанияның акция құны 505 теңге болып белгіленген болатын. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарма төрағасының орынбасары атап өткеніндей, бұл аса сындарлы, әділ әрі ең төменгі шектегі баға. Сонымен қатар, бұл акциялар жеке тұлғаларға «Халықтық ІРО» аясында ғана ұсынылатын болады.

«Бүгінгі таңда, 21 қарашадағы жағдай бойынша жеке инвесторлардың тарапынан 4000-ға тарта тапсырыс түсті, оның жалпы сомасы 1,5 млрд теңгені құрайды. Егер, «Қазтрансойл» компаниясының осыған балама нәтижесімен салыстырсақ, олар белгілі бір деңгейде қарайлас. Біз науқан аяқталғанға дейін жекелеген инвесторлардың тарапынан белсенділік артады және компания акцияларын Қазақстанның жеке тұлғалы азаматтары иеленеді деп сенеміз. Егер, азаматтар тарапынан белсенділік байқалмаса, онда қалған акциялар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына оның тапсырыс беруіне қарай өтетін болады. Бұл ретте еске сала кететін жайт, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының тапсырысы негізінен зейнетақы активтері негізінде ғана беріледі, ал бұның өзі Қазақстан азаматтарының жинақ салымдары екені белгілі», - деді Е. Бахмутова.

Оның айтуынша, «Халықтық ІРО» науқанына еліміздің батыс және орталық аймақ тұрғындары тарапынан белсенділік жоғары болып отыр. «Атап айтқанда, тапсырыс берушілер арасында бірінші орында - Ақтөбе облысы, оның соңынан Алматы және Астана қалалары орналасқан, ал төртінші орында - Қарағанды, бесінші орында - Маңғыстау облысы тұр», - деді Е. Бахмутова.

Соңғы жаңалықтар