«Халықтық ІРО» ел мен жер байлығынан әр адамға өз үлесін алуға мүмкіндік береді - ауыл тұрғыны

ОРАЛ. 15 қараша. ҚазАқпарат - «Халықтық  IPO» бағдарламасына қатысып, бағымды сынап көргім келеді.
None
None

Бұл туралы Орал қаласы «Кеңдала» шағынауданында тұратын Насих Дүйсекешев мәлім етті.

-Мен Жәнібек ауданының «Қайрат» кеңшарында қырық жылдан астам уақыт механизатор болып жұмыс істедім. Үш баланың әкесімін.  Бүгінгі таңда олардың екеуі өмірде жоқ, сондықтан немерелерімді үлкен өмір жолына бағыттау менің міндетімде. Қазіргі уақытта төрт немерем менің қолымда, осында жоғары оқу орындарында оқып жатыр. Осылардың қамқоршысы ретінде мен осы немере-шөберелерімнің болашағына алаңдаймын. Солар үшін «тиімді бағдарлама» деген соң, біраз ойланып, «ҚазТрансОйл» компаниясының 15 акциясын сатып алуға бел байладым. Менің балаларым мен немерелерім аты-шулы компанияның акционері болса, жаман емес қой. Мүмкін бұл акциялар болашақта, шынымен де, менің ұрпақтарымның бақуатты  өмір сүруіне септігін тигізер? Бұл - бір. 

Екіншіден, бұл бағдарлама менің түсінігімде ел мен жер байлығынан әрқайсысымыздың өз үлесімізді алуымызға мүмкіндік береді. Яғни акцияны сатып алу арқылы біз аталған компанияның акционері болып саналып, оның тапқан табысының белгілі бір бөлігіне ие боламыз. Бұл акциялар қарапайым халықтың жер қойнауындағы қазынаның игілігін көруіне мүмкіндік береді.

Ендеше, біз бұл мүмкіндіктен неге тартынамыз? Керісінше, акцияны көптеп сатып алуға тырысайық. Мен акцияны бұдан да көп мөлшерде сатып алар едім, әттең, қаражат жағынан қиналып тұрмын. Акцияны елін, жерін шын сүйетін қазақтың бәрі сатып алуы тиіс. Сонда ғана біз ел байлығын сақтап қаламыз және ұрпағымыздың өз жерімізде алаңсыз, бақуатты өмір сүруіне көмектесеміз.

«Жалпы, мен мұндай заманауи акцияларды қолдаймын. Бұдан  жиырма шақты жыл бұрын сатып алған купондарыма (инвестициялық жекешелендіру купондары) да әлі күнге дейін үлкен үмітпен қарап, оларды ешкімге бермей жүрмін. Күндердің күнінде бұл купондардың да менің балаларыма үлкен табыс әкелетініне  сенемін», деді ол.

Соңғы жаңалықтар