10:22, 12 Наурыз 2009 | GMT +5
Химиялық кешен 1 900 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді - Атырау облысы
АТЫРАУ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Биылғы жылы Атырау облысы үшін экономикадағы ең басымдықты жобалардың бірі - мұнай-химиялық кешені құрылысының басталуы болады.
Елбасы өзінің биылғы Жолдауында Үкіметтің және аймақтың алдына осындай мақсат қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Болат Дәукеновтың айтуынша, құрылыс жұмыстарын бастауға мемлекеттік бюджеттен қаражат - шамамен 10 миллиардтай теңге бөлініп отыр. Бұл ақшаға жақын арада мұнай-химиялық кешенін тұрғызу жөніндегі жұмыстар басталады ? жолдар төселіп, теміржол тұйығының құрылысы жүргізіледі. Өндіріс салынатын орында жер қазу жұмыстары да басталады. Бұл жоба бойынша ағымдағы жылы 1900-дай адам жұмыс алғалы отыр. Естеріңізге сала кетейік, бұл кешен Қазақстандағы алғашқы ықпалдасқан мұнай-химиялық кешені болмақ.