Хорватия жыл соңында Елбасы Н.Назарбаевтың ресми сапарын күтуде

АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Хорватия осы жылдың соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сапарын күтуде. Бұл туралы бүгін елордада Қазақстан-Хорватия бизнес форумында аталған елдің Сыртқы және еуропалық істер министрінің бірінші орынбасары Йошко Клисович мәлім етті.
None
None

«Мен осы шаралардың барлығы әрі жүргізілген жұмыстар ағымдағы жылдың соңында болжанып отырған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Хорватияға ресми сапарына негіз қалауға мүмкіндік береді деп санаймын»,- деді ол.

Сонымен қатар оның атап өтуінше, Елбасының бұл ресми сапары барлық деңгейдегі екі елдің әріптестігіне, ынтымақтастығына зор серпін беріп, түрлі саладағы қарым-қатынастардың жаңа деңгейге көтерілуіне сеп болады.

Соңғы жаңалықтар