«Хоум Кредит Банк» АҚ-ның 2010 жылғы таза табысы 2 380 миллион теңгені құрады
«2010 - Қазақстандағы Хоум Кредиттің тарихындағы ең сәтті жыл болды. Табысымыз 5 еседен астам өсіп, таза табыс 2,4 миллиард теңгені құрады. Банк қызметінің табыстылығының себебі нарық талабына сай өнімдер желісіне өзгерістер енгізіп, қызметкерлер штатын оңтайландырып, банктік процедураларды жақсартуында», - дейді «Хоум Кредит Банк» АҚ-ның Басқарма төрағасы Павел Мацо. Оның айтуынша, банктің несие қоржынының көлемі 78 пайызға жақсарып, 6 992 миллионнан - 12 448 миллион теңгеге дейін ұлғайды. Ал ағымдағы есеп шоттар мен депозиттер 32 пайызға немесе 3 404-тен 4 505 миллион теңгеге дейін өскен.
«Хоум Кредит» тобы Орталық және Шығыс Еуропа мен Азияда тұтыну нарғындағы көшбасшылардың бірі. Қазіргі таңда ол 7 елде жұмыс жасайды. Оның 19 300 қызметкері 25,5 миллионнан астам клиентке қызмет көрсетуде.