ХВҚ Өңірлік конференциясында қысқа және орта мерзімді перспективаға арналған үн қату шаралары талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық валюта қорының Өңірлік конференциясында қысқа және орта мерзімді перспективаға арналған үн қату шаралары талқыланды. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.
None
None

Бірнеше минут бұрын ғана Халықаралық валюта қорының өңірлік конференциясы өз жұмысын аяқтады. Оған Орталық Азия, Кавказ елдерінің, Еуразиялық экономикалық одақ бойынша серіктестеріміз, Ресей мен Беларусьтің Үкімет өкілдері қатысты. Бұл конференцияға Халықаралық валюта қорының директоры Кристин Лагардтың қатысқандығы үшін қуаныштымыз. Лагард ханым, Астанада өңірлік конференция өткізу бастамасына қолдау білдіргеніңіз үшін және оған өзіңіздің қатысқаныңыз үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Өңірдегі ахуалға қатысты конструктивті сұхбаттастық пен пікір алмасу барысында біз ортамерзімді келешекте қысқа мерзімді шоктарға қарсы тұру шараларын талқыладық», - деді К.Мәсімов.

Оның атап өтуінше, конференция барысында макроэкономикалық саясат негіздері, мониторинг жүйесі институттарын нығайту қажеттілігі, өңірлік интеграция, құрылымдық реформаларды жүзеге асыру мәселелері жан-жақты талқыға түсті.

Соңғы жаңалықтар