Hyundai компаниясы жасаған электр пойызының құрылымдары ТМД бойынша Алматыға алғаш әкелініп отыр - Елші Ли Бён-хва

АЛМАТЫ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Қазақстан мен Корея арасындағы қарым-қатынастың нығаюы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Кореяға жасаған бірнеше сапарларынан басталған еді.
None
None

Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы елшісі Ли Бён-хва метро вагондарын табыстау рәсімінде осылай айтты.

Елші 2009-2010 жылдардағы екі ел мемлекет басшыларының келісімдерінің нәтижесінде Қазақстан мен Корея стратегиялық әріптестерге айналғанын жеткізді. «Қазақстан мен Кореяның президенттері бір-бірін ағайынды ретінде санайды. Екі ел арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамуда. Соңғы жылдары екі ел IT мен инфрақұрылым саласы бойынша белсенді түрде іскерлік байланыстар жасап жүр. Бүгінгі Hyundai компаниясының электр пойыздарын табыстау оқиғасы соның көрінісі іспеттес», дейді Ли Бён-хва.
Сондай-ақ ол жылжымалы құрылымдар ТМД бойынша тек Қазақстанда бірінші рет пайдалануға берілетіндігін айта келе, осындай маңызды іске Корея компаниясының атсалысып отырғандығына қуанышты екендігін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар