И. Ильин докторантураға түскелі тұр

Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың төрағалығымен өткен білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы барысында мәлім болды.
Білім беру гранттары қарастырылған комиссия отырысы барысында Лондонда өтіп жатқан ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстанның қоржынына «алтын» әкелген, Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Илья Ильиннің де талапкер екендігі белгілі болды. Сөйтсек, ауыр атлеттен ел намысын қорғап, мемлекеттің айбарын асырған Илья Спорт және туризм академиясының докторантурасына тапсырыпты.
«Бұл академияның докторанты Илья болмағанда кім болады?! Сондықтан, біз оны барлық жағынан қолдаймыз. Оны алақанда салып жүруге дайынбыз. Себебі, ол ұлтымыздың үлкен мақтанышы!», - деді министр Бақытжан Жұмағұлов жиын барысында.