И.Рогов Мемлекет басшысына Ата Заңның қабылдануының 15 жылдығын атап өтудің дайындық барысын баян етті

СТАНА. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы Игорь Роговты қабылдады.
None
None

И.Рогов Мемлекет басшысын Ата Заңның қабылдануының 15 жылдығын атап өтудің дайындық барысы туралы хабардар етті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметінен.

Атап айтқанда, мерейтой күні - ағымдағы жылы тамыздың 30-ында - өтетін негізгі іс-шара - «Конституция - елдің демократиялық дамуының негізі» деген тақырыптағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болады. Қазірдің өзінде 30-дан астам шетелдік өкіл конференцияға қатысатындарын қуаттап отыр, олардың қатарында конституциялық соттардың төрағалары, конституциялық бақылаушы басқа органдардың жетекшілері, шет ел парламенттерінің өкілдері бар.

«Елбасы, конференция барысында жетістіктер туралы есептерге емес, еліміздің дамуына терең ғылыми-теориялық зерттеулер жүргізуге, біздің тәжірибемізді, шетелдік әріптестердің тәжірибелерін зерттеуге баса назар аудару керектігін атап көрсетті. Осы талдаулардың негізінде біз еліміздің мемлекеттік құқықтық тетігін әрі қарай жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныс-кеңестер бере алатын боламыз», - деді И.Рогов кездесуден кейін журналистерге берген брифингте.

Соңғы жаңалықтар