08:15, 26 Сәуір 2011 | GMT +5
І тоқсанда қылмыс деңгейі 6,4 пайызға төмендеді - Павлодар облысы
ПАВЛОДАР. 26 сәуір. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында қылмыс деңгейі, 2010 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда, 6,4 пайызға төмендеді,
оның ішінде қылмыстық фактілер 2,5 пайызға азайып отыр, деп хабарлады ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
Жылдың басынан бері өңірде 1 804 қылмыс тіркелген. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижелігін арттыру жөніндегі ішкі істер органдарының тиімді жұмысы ауыр және аса ауыр қылмыстардың санын 13,3 пайызға қысқартуға мүмкіндік беріп отыр.
Қылмыстың барлық түрлерін, атап айтқанда кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, зорлау, тонау, қарақшылық жасау, бұзақылық, бөтеннің мүлкін ұрлау сияқты қылмыс түрлерін ашу көрсеткіштері жақсаруда.