Игорь Нанаевтың ісі бойынша тағы үш күдікті ұсталды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО ІІД басшысы Берік Біләлов пен облыс прокуроры Степан Зайтлер баскетболшы Игорь Нанаевтың қаза табуына қатысты ісінің тергелуі бойынша брифинг өткізді, деп хабарлады «ҚазАқпарат».
None
None

Берік Біләлов спортшыны соққыға жықты деген күдікпен тағы үш адам ұсталғаны жайлы хабарлады.

«3 қазанда 3 сағат 49 минутта Петропавл қалалық ІІБ кезекшілік бөліміне жедел жәрдем орталығынан «Парк Сити» мәдени-сауықтыру кешеніне бригада шыққаны туралы хабар түсті. Сотқа дейінгі тергеу кезінде күдікті  - 21 жастағы облыс орталығының тұрғыны ұсталып, Петропавл қалалық ІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. 3 қазанда  «Парк Сити» ойын-сауық кешенінің маңында күдікті мен Игорь Нанаев төбелескені анықталды. Кешенді жедел-іздестіру шаралары жасалып, жаңа мәліметтер алынды. Аталған қылмысты жасады деген күдікпен ІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына 1994,1995, 1996 жылы туған азаматтар қамауға алынды», - деді полиция ведомствосының басшысы.

Бұл СҚМУ-дың екі студенті мен Петропавлдағы колледждерінің бірінің шәкірті болып шықты. Полиция қылмысқа тағы да бірнеше адам қатысты болуы мүмкін дейді.  

Берік Біләлов ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлімі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында тиісті сараптамалар тағайындалғанын, 80-нен астам адам жауапқа алынғанын, ойын-сауық мекемесінің камераларына іліккен видеоматериалдар зерттелгенін атап өтті.  

Тергеу амалдарының жүргізілу барысы Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің бақылауына алынды.  

Соңғы жаңалықтар