02:50, 28 Шілде 2012 | GMT +5
ІІ Елизавета Олимпиадалық стадионға парашютпен түсті
АСТАНА. 28 шілде. ҚазАқпарат - ХХХ жазғы Олимпиадалық ойындардың ашылу салтанатын ұйымдастырушылар бағдарламаға ағылшындық әзілді қосты.

Патшайым ІІ Елизаветаны басты шоуға Джеймс Бонд агент 007, актер Дэниел Крейг ілесіп алып шықты.
Патшайым мінген ұшақ бүтін Лондонды шарлап шыққан соң, стадионның үстінде қалықтап тұрды. Келесі бір мезетте патшайым мен Бонд ұшақтан парашютпен секірді. Сірә, Англияның танымал тұлғаларының орнында каскадер-дублерлар болды.
Бұл шоудан кейін ІІ Елизавета көпшілік алдына шықты. Ұлыбритания әскерінің өкілдері елдің Туын алып шығып, оны тутұғырға отырғызды. Одан кейін, «Құдай, Патшайымды сақта» әніне оны жоғары көтерді. Патшайымның көңілі босады.
Оскар сыйлығының иегері режиссер Дэни Бойлдың 80 минуттық шоуын сахнада мыңнан астам адам көрсетті, қосымша мыңға жуық тонна декорация қолданылды. Және бұл шоудың барлығына 42 млн. АҚШ доллары жұмсалды.