ІІМ-і 18-26 сәуір аралығында республика аумағында «Түнгі қаладағы балалар» атты акциясын өткізуде

АСТАНА. 21 сәуір. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрлігі ағымдағы жылдың 18-26 сәуір аралығында республика аумағында «Түнгі қаладағы балалар» атты акция өткізуде.
None
None

Ішкі істер министрлігі өкілдерінің пайымдауларынша, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың ерте бастан-ақ алдын алудың тиімді әдістердің бірі - жасөспірімдерді заңды сыйлауға үйретіп, олардың құқықтық сауаттарын арттыру болып табылады.

Осыған қарай акцияның мақсаты - жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалар мен жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде жүрулеріне жол бермеу болып табылады.

Акцияны өткізуге 14 мыңнан астам адамдар, оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың, прокуратура, білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының, ата-аналар комитетінің, сондай-ақ «Нұр Отан» ХДП жастар қанаты филиалдарының өкілдері жұмылдырылған.

«Түнгі қаладағы балалар» акциясы аясында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылыққа бағытталған 5 мыңнан астам дәрістер өткізілген.

Түнгі уақытта 2,4 мыңнан астам ойын-сауық мекемелер тексеріліп, ол жерлерден балалардың түнгі мезгілде жүруімен байланысты 90 факті тіркелді. Сондай-ақ жасөспірімдермен байланысты 1 мың 900 құқық бұзушылықтар анықталды. Ойын-сауық мекемелерінің иелері мен анықталған балалардың ата-аналары әкімшілік жауапқа тартылды.

Соңғы жаңалықтар