Илья - сен Қазақстанның мақтанышысың! - Мәжіліс спикері Н. Нығматулин

«Нұр Отан» ХДП Төрағасының Біріншы орынбасары Нұрлан Нығматулин үкіметтік жеделхат жолдап, оның ғаламат жеңісімен шын жүректен құттықтады.
«Барлық Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы Саяси кеңесінің атынан Лондонда өтіп жатқан ХХХ Олимпиялық ойындарда алтын медальға ие болуыңмен шын жүректен құттықтаймын! Зілтемір көтеру жолындағы сенің кәсіптік шеберлігің - саңлақ жеңімпазға тән мінезіңнің көрінісі, ұлы шеберліктің салтанат құруы. Бүгінгі сұмдық тартыста сен таңғажайып жеңістің үлгісін көрсеттің. Илья - сен Қазақстанның мақтанышысың! Сен жәй ғана мәртебелі жарыстың жеңімпазы болып қана қоймадың, әлемдік рекорд жаңартып, өзіңнің әлемдегі ең үздік зілтемірші екендігіңді дәлелдедің. Бүгін қазақстандық ауыр атлетика ешқашан шықпаған биікке көтерілді деп сеніммен айтуға болады. Мұның бәрі сөз жоқ ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың біздің еліміздегі спортқа және қазақстандық спортшыларға жасап отырған қамқорлығы арқасында жүзеге асып отыр. Саған зор денсаулық пен жаңа асқарлар тілеймін!», - делінген құттықтау хатта.