Іле Алатауы ұлттық саябағының етегінде «Мәңгілік ел» халықаралық фестивалі өтті (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысының Іле Алатауы ұлттық саябағының етегінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Мәңгілік ел» халықаралық фестивалі өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде ұйымдастырылған шара біртекті мәдени кеңістікті ұлғайту мен нығайту, ұлттық мәдени дәстүрлерді, рухани құндылықтарды дамыту, елжандылыққа тәрбиелеу, сонымен қатар ұлттық ат спорты ойындарын дамытуға бағытталды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

Фестиваль бағдарламасында қолөнер бұйымдарының көрмесі, халық музыкасынан концерт, сонымен қатар тілек білдіргендер терімен, былғарымен, күміспен, топырақпен, әркім қалаған материалымен жұмыс істеп көруге мүмкіндік алған түрлі шеберлік сағаттары өткізілді. Сондай-ақ шара шеңберінде Қазақстан, Қырғыз, Түркия, Моңғолия, Корея, Түркіменстан, Болгария және Венгрия елдері өкілдерінің қатысуымен дәстүрлі садақ атудан II халықаралық фестиваль, «Турул» аңшылық құстары фестивалі және ат спорты ойындары өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль аясында жасалған этноауыл түрлі шаралардың басын біріктіріп, қазақ халқының түрлі тұрмыстық және мәдени дәстүрлерімен танысуға мүмкіндік берді.

Соңғы жаңалықтар