10:05, 12 Наурыз 2013 | GMT +5
Іле Алатауында үш қар көшкіні жүрді, Түрген-Батан көлік жолы жабылды
АСТАНА.12 наурыз. ҚазАқпарат - 11 наурыз күні түстен кейін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында күннің күрт жылынуынан Іле Алатауындағы Түрген өзені шатқалы бойында,

Түрген-Батан ауылы көлік жолының 18-18,5 шақырымдарында өздігінен жалпы көлемі 488 текше метр үш қар көшкіні жүрді.
Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.
Шығын жоқ, жол жабылды. Қазіргі уақытта жолды тазарту жұмыстары жүргізілуде.