Іле ауданының № 13 орта мектебінің оқушылары «Сантьяго Бернабеу» стадионында өнер көрсетті - Алматы облысы

АЛМАТЫ. 20 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстандағы «Кока-Кола былғары доп» чемпионатының жеңімпазы 14-19 шілде күндері Мадридте өткен халықаралық турнирден оралды.
None
None

 Қазақстан футбол федерациясы сайтындағы мәліметке қарағанда, Берік Омаров жаттықтыратын Алматы облысы Іле ауданы Өтеген кентіндегі №13 мектептің жас футболшылары 3-орын үшін болған кездесуде испандықтардың мамандандырылған «Райо Вальекано» академиясының командасынан жеңіліс тапты. Олар  іріктеу сынында алжирліктерге 0:1, ал «Райо Вальекано» командасына 0:6 есебімен ұтылған еді. Одан кейін алжирліктермен жартылай финалда (1:2), ал «Райо Вальеканомен» 3-орын үшін болған сайыста (0:3) қайта кездескен олар тағы да қарсыластарына есе жіберді. Ал 1-орын болған сайыста испандықтардың «Леганес» академиясының аяқдопшылары алжирліктерді пенальтиде  ұтып, турнир жеңімпазы атанды.

Әйгілі «Реал Мадрид» футбол клубының стадионында өткен бұл додада қарсыластар қақпасына соғылған жалғыз доптың авторы  - жартылай қорғаушы  Ерсін Қосатаев. Биыл тұңғыш рет ұйымдастырылған бұл халықаралық турнир алдағы уақытта 2 жылда бір рет өтпек.

Соңғы жаңалықтар