07:33, 07 Сәуір 2010 | GMT +5
Индонезияда күші 8 баллға жуық жер сілкінісі болды
АСТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат - Суматра жағалауында Индонезияда күші Рихтер бағамы бойынша 7,8 баллдық қуатты жер сілкінісі орын алды. Жерасты дүмпулерінің кіндігі Сиболга қаласының солтүстік-батысына қарай 200 шақырымдай қашықтықта тіркелді.
Оның ошағы 46 шақырымдық тереңдікте орналасқан, деп хабарлады АҚШ-тың Геологиялық қызметі.
Зардап шеккендер мен келген шығынның ауқымы туралы мәліметтер әзірге түскен жоқ. Цунами болу ықтималдығы туралы ескерту жарияланды.