Индустрия және сауда министрлігі экспорт және инвестицияны алға жылжыту бойынша ұлттық агенттік құруды ұсынды

АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкімет отырысында Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешев «Kaznex» АҚ базасында экспорт және инвестицияны алға жылжыту бойынша «Kaznex Invest» ұлттық агенттігін құруды ұсынды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің сөзіне қарағанда, бұндай агенттікті Корея, Бразилия, Австралия елдерінің тәжірибесі негізінде құруға болады. Атап айтқанда, бұл агенттік бизнес-форумдарды, сондай-ақ инвестиция үшін қолайлы ел ретінде Қазақстанды алға жылжыту бойынша басқа да таныстырылымдары өткізу шараларымен айналыспақ. Осыған байланысты шетелдік және отандық бизнес өкілдері өздеріне серіктестерді табу үшін бірыңғай интернет портал құру қарастырылған.

Жаңа агенттік әлемдік танымал бренді бар, сондай-ақ озық технологиялармен қамтылған ірі инвесторларды мақсатты іздеуді жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болмақ.

Соңғы жаңалықтар