Индустрияландыру бағдарламасын іске асыруға кедергі келтіретін басшылардың барлығы қызметтен босатылады - Н. Назарбаев

БЫЛ ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - Қазақстанды индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыруға кедергі келтіретін басшылардың барлығы қызметтерінен алынатын болады.
None
None

Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында бүгін Таразда өткен «Индустриялық-инновациялық даму» атты бизнес-форумда сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты.

«Дүние жүзіндегі елдердің барлығы бәсекелесіп жатқан қазіргі кезде біз елімізді индустрияландыру бағдарламасын орындай алмасақ, онда келешектегі жағдайымыз мүшкіл болады. Еліміздің тәуелсіздігіне қауіп төнеді. Сондықтан да әрбір облыс, аудан, қала әкімшілігі осы бағдарламаны орындауға жұмылулары керек. Бұған қарсыласып, осы жұмысты істегісі келмейтін басшылардың барлығы қызметтерінен босатылады», деді Н. Мемлекет басшысы.

Елбасы келешекте тәуелсіздігіміздің баянды болуы индустрияландыру бағдарламасының табысты жүзеге асуымен тығыз байланысты екенін атап көрсетті. «Газдың, мұнайдың бағасы құлдырайтын болса, біз халыққа зейнетақы мен жәрдемақы төлей алмайтын боламыз. Бұл дүниенің ертең қандай болатынын кім біледі? Ертең дағдарыстардың қайтадан болмасына кім кепілдік береді? Өткен дағдарыс салдарының қалай болғанын ешкім сараптап айтып жатқан жоқ. Сондықтан ел болып, халық болып индустрияландыру бағдарламасын іске асыруға жұмылуымыз керек», деді Президент.

Сонымен қатар Елбасы мемлекеттік қолдауға ие болған бизнесмендер жобаларын мерзімінде жүзеге асырмайтын болса, оларды қаржыландыру тоқтатылатынын, қаржы басқаларға берілетінін қадап айтты.

«Барлығы біздің шикізаттық мемлекет болып, басқаларды жабдықтағанымызды қалайды. Бізді бәсекелі ортаға жібергілері келмейді. Кері итеріп жатады. Біз бұдан шығуымыз керек. Әлемдегі нарықтық экономикада өз орнымызды табуымыз керек», деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Президент Қазақстан әлемдік еңбек нарығына озық өндірісімен, озық ғылымы және білімімен қосыла алатынын атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар