Индустрияландыруды өзін-өзі жұмыспен қамтығандар көбірек шоғырланған өңірлерде белсенді жүргізген ләзім - Қ. Бишімбаев

АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Индустрияландыруды өзін-өзі жұмыспен қамтығандар көбірек шоғырланған өңірлерде белсенді жүргізген ләзім.
None
None

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық - Қазақстанды индустриялдық дамытудың кадрлық резерві» тақырыбында өткен «Нұр Отан» ХДП фракциясының жанындағы Әлеуметтік кеңестің отырысында экономикалық даму және сауда вице-министрі Қуандық Бишімбаев осылай мәлім етті.

«Арнайы бағытта жүргізіген зерттеулерге жүгінсек, өзі-өзі жұмыспен қамтыған халық өнеркәсібі төмен өңірлерде көбірек шоғырланған. Бұның өзі индустрияландырудың тек тарихи қалыптасқан өнеркәсіптік өңірлерде ғана емес, ауыл тұрғындары көп орналасқан өңірде де жүргізілуі қажеттігін көрсетеді. Өйткені, ауылдық жерлердегі еңбек өнімділігі артқан сайын, жұмыспен қамту деңгейі де жақсара түседі. Мәселен, Жамбыл облысы мен Атырау облысын алып қарайық. Жан басына шаққандағы ішкі өнімнің айырмашылығы 10 есеге дейін барады. Ал жұмысбастылардың ішіндегі өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі Жамбыл облысында 52 пайыз, ал Атырау облысында 14,2 пайыз. Өңірлердің экономикалық құрылымындағы басымдықтар Атырауда өнеркәсіптерді құрап, бұл 21 пайыз болса, ал Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы бірінші орында тұр және 12,8 пайызды құрайды», - дейді Қуандық Бишімбаев.

Оның айтуынша, бұндай көрсеткіштер индустрияландырудың өңірлерде де қамтылуы тиістігін көрсетеді. «Бұл бағытта министрлік өңірлерді дамыту бағдарламасын әзірледі. Қазіргі уақытта мемлекеттік органдарға келісімдерін алуға жолданып отыр. Бағдарламаның мақсаты - бәсекеге қабілеттіліктерін көтеру үшін өңірлерге қаржылық қолдау көрсету. Жалпы алғанда, өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық көп шоғырланған өңірлерде индустрияландыру жүруі үшін біз трансферттер арқылы қаржылай көмектер көрсететін боламыз. Ондай қаражаттарға перспективалы өңірлермен байланыс немесе қысқа мерзімді миграция үшін жолдар салу, инженерлік желілерді жеткізуді жүзеге асырмақпыз», - деді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар
Референдум