Индустриялық-инновациялық бағдарлама аясындағы шараларды қаржыландыру 2 есеге артады - К. Мәсімов

  АСТАНА.  27 ақпан. ҚазАқпарат -  Рұқсат беру құжаттарын беру шарасын электрондық форматқа көшіру үшін республикалық бюджеттен биыл қосымша 5,5 млрд. теңге қарастырылып отыр,
None
None

 - деді бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов  Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП фракциясының кеңейтілген отырысында  сөйлеген сөзінде.

Үкімет басшысының айтуынша, биыл индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында жүзеге асырылатын шараларды қаржыландыру көлемі 2 есеге арттырылып, 15 млрд.-тан астам теңгені құрайтын болады. Оның ішінде «Бизнестің жол картасы» бағдарламасына қосымша 7,9 млрд. теңге бөлінбек. Сонымен қатар «Жезқазған - Бейнеу», «Арқалық - Шұбаркөл» темір жол бағыттары мен «Батыс - Солтүстік - Орталық» газ құбыры желісі сияқты инвестициялық жобалардың жоба-сметалық құжаттарын даярлау үшін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға республикалық бюджеттен 6 млрд. теңге бөлу көзделіп отыр.

«Осы ретте айта кететін мәселе, аталған жобаларға жұмсалатын қаржының басым бөлігі 2008-2009 жылдардағы қаржы дағдарысымен күрес шаралары үшін бөлінген қаржыдан жұмсалады», - деді К. Мәсімов.

Соңғы жаңалықтар