Индустриялық-инновациялық бағдарламаны игеруде бизнеске үлкен күш түседі - Н. Назарбаев
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстандық бизнеске 2 млн.-ға жуық халық тартылған. Бұлар «2020 стратегиясы» туралы не біледі, ол туралы не ойлайды? Осының барлығы бизнестегі басшыларға да байланысты. Біз алдағы жылдары басқа мемлекеттермен бәсекеде қалып қоймауымыз керек. Ең бастысы психологияны өзгертетін кез жетті. Қазақстанды жақын көршілермен салыстырудың қажеті жоқ, біз өзімізді екінші дүниежүзілік соғыстан кейін аяқтан тұрып, бүгін дамып кеткен Жапониямен, Германиямен салыстыруымыз керек. Қазаққа сол үшін менталитетті өзгерту қажет», деді Н. Назарбаев.
Сонымен бірге, Президент бүгінгі дағдарысқа тоқтала отырып, оның қазақстандық қоғам үшін үлкен сабақ болғанын атап өтті. «Ағымдағы жылы индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында 144 жоба жүзеге асады. Бұған нақты қаржы қарастырылып отыр, оны игеретін азаматтарымыз да баршылық. Жаңа кәсіпорындар үшін жаңа мамандар әзірлеу керек. Сондықтан да, Қазақстанның болашағы жарқын, оның бизнесі де өркендей береді», деді Елбасы.