Инфляция деңгейі бойынша бірмәнді сандарды арттырмау үшін азық-түлік және жанар-жағармай нарығына ерекше назар аудару қажет - Қ.Келімбетов

СТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Жоспары параметрлерді ұстап тұру және жыл соңында инфляция деңгейі бойынша бірмәнді сандарды арттырмау үшін азық-түлік және жанар-жағармай нарығына ерекше назар аудару қажет.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов айтты.

«Жоспары параметрлерді ұстап тұру және жыл соңында инфляция деңгейі бойынша бірмәнді сандарды арттырмау үшін азық-түлік және жанар-жағармай нарығына ерекше назар аудару қажет», - деді ол.

Оның атап өтуінше, Ауыл шаруашылығы министрлігі, облыстардың және Алматы мен Астана қалаларының әкімдері ағымдағы жылдың соңына дейін азық-түлік бағасының 9,5-10 пайыздан жоғары қымбаттауына жол бермеуі тиіс.

Ал Мұнай және газ, Индустрия және жаңа технологиялар министрліктері ағымдағы жылдың соңына дейін мұнай өнімдерінің, көмірдің бағасына бақылау жасауды жүзеге асырып, олардың одан әрі қымбаттауына тосқауыл қоюы шарт.

«Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында жанар-жағармайды жеке желіде сатуға тұрақты баға мониторингін енгізу қажет», - деді Қ.Келімбетов.

Соңғы жаңалықтар