Infoportal.kz сайты «Тәуелсіз елге - білімді ұрпақ» байқауының қорытындысын шығарды

None
None
ОРАЛ. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласындағы Infoportal.kz сайты «Тәуелсіз елге - білімді ұрпақ» байқауының қорытындысын шығарды.

Сайт аталмыш байқауды 17 қазан мен 21 қараша аралығында өткізіп, сайтқа кірушілер үздік эссеге дауыс берді.

Сайыс қорытындысында Оралдағы дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернаты кешенінің 10-сыныбында оқитын Дана Иманғалиева жеңімпаз атанды. Оған 262 адам дауыс берген.

Енді Дана бір ай бойы «Дана» оқу орталығында математика пәнінен тегін дәріс алып, ал шығармасы облыстық «Орал өңірі» газетінде жарияланатын болады.

Соңғы жаңалықтар