10:41, 29 Шілде 2015 | GMT +5
Информатика бойынша халықаралық олимпиадаға қатысушылар Медеуге барады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Информатика бойынша XXVII халықаралық олимпиадаға (ІОІ - 2015) қатысушылар Алматы бойынша экскурсияға аттанады.

Бірінші кезеңнен кейін түрлі елдерден келген оқушыларға таза ауада демалуға мүмкіндік берілді. Қатысушылар «Медеу» спорт кешеніне аттанады, кейін олар Қазақ мемлекеттік циркке бармақ.
Ертең, 30 шілдеде, турнирдің екінші кезеңі өтеді, кейін нәтижелер талқыланады.
Еске сала кетейік, Алматыдағы олимпиадаға 83 елден 630-дан астам делегат келді. Оған 324 оқушы қатысып жатыр.
Биыл Қазақстанның намысын қорғау Данияр Маминов, Мейрамбек Өмірзақ, Бекжан Бекболатұлы және Назарбек Алтыбайға бұйырды.
Шараның жабылу салтанаты мен жеңімпаздарды марапаттау 1 тамызда Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өтеді.