Информатика пәні бойынша Халықаралық олимпиаданың алғашқы туры басталды

Алғашқы тур Atakent Park Hotel қонақ үйінде өтіп жатыр. Онда оқушылар алгоритмдік тапсырмаларды орындап, солардың негізнде бағдарламалар жазады. Тур күндізгі сағат 14.00-ге дейін созылады.
Түстен кейін қатысушылар алғашқы турдың нәтижелерін талқылайтын болады.
Ал Олимпиада қонақтары болса, Алматы қаласының көрікті жерлерін аралайды. «Медеу» спорт кешені және «Шымбұлақ» тау-шаңғылы шипажайында болады.
Ал кешке қарай оқушылар спорттық жарыстарға қатысады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл оларға спортта да өздерін көрсетуге мүмкіндік береді.
Айта кетелік, биыл Олимпиадаға 86 елден 630-дан астам делегат келді.
Қазақсанның атынан информатика пәні бойынша Еуразиялық олимпиаданың күміс жүлдегерлері Данияр Маминов, Мейрамбек Өмірзақ, Бекжан Бекболатұлы және Назарбаек Алтыбай қатысуда.
Олимпиаданың жабылу рәсімі 1 тамызда өтеді.