Информатика пәнінен өтіп жатқан Халықаралық олимпиадада алтын медальға қол жеткізем деп сенем - ресейлік қатысушы

«Бұл олимпиадада кем дегенде күміс медаль алатындығыма кәміл сенемін. Бірақ мен алтын медальға қол жеткізгім келеді. Өз білімімді, шама-шарқымды бағалай келе, алтын медаль алуға күш саламын деп шештім. Бұл олимпиаданың бізге берері мол. Біз мұнда қызықты тапсырмаларды орындап, өз мүмкіндіктерімізді көрсетеміз және білімімізді толықтырамыз», - деді М. Путилин.
«Мен өткен жылы қыста информатика пәнінен өткен олимпиадаға қатысып, алтын медаль жеңіп алғанмын. Соның арқасында өзімде ерекше сенімділік пайда болды. Сөйтіп биыл осы олимпиадаға қатысуға бел будым. Ал Алматыда бұрын болғанмын», - деді ол.
Естеріңізге сала кетелік, биылғы олимпиадаға 86 елден 630-дан астам делегат келді. Бүгін жарыстың алғашқы туры басталды. Ол сағат 14.00-ге дейін жалғасады. Түстен кейін оқушылар алғашқы турдың нәтижелерін саралап, талқылайтын болады.