«INNOVA INVESTMENT» ЖШС кредит қабілеттілігі бойынша «В+» рейтингіне көтерілді

АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - «Эксперт Қазақстан» рейтингтік агенттігі «INNOVA INVESTMENT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне  кредит қабілеттілігі бойынша «В+»
None
None

(кредит қабілеттілігі үшін жеткілікті деңгей) деңгейіндегі рейтингті және облигациялар шығару жоспарларының сенімділігі рейтингіне «В» (сенімділіктің қанағаттанарлық деңгейі) деңгейін тағайындады.

«Эксперт Қазақстан» агенттігі баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, аталмыш компанияның рейтингіне таза айналым капиталының өсімі ( 2008 жылдан 2011 жылдың 2 тоқсанына дейінгі өсім 879%), төлемпаздықтың жоғары көрсеткіштері (2011 жылдың 1-і жарты жылдығының соңына таман абсолютті төлемпаздық коэффициенті 1,49, ағымдағы төлемпаздық коэффициенті - 3,22, жедел төлемпаздық коэффициенті - 3,22) және кредиторлық борыштардың төмендеуі (2008 жылдан 2011 жылдың 2-тоқсанына қарай кредиторлық борыш 53,18 пайызға төмендеген) оң ықпал еткен.

«Агенттіктің пікірінше, компания иелері қаржылық жағдайы нашарлай қалған жағдайда оған қаржылық қолдау көрсетуге әзір екенін танытты. Бұл компанияның рейтингін жағымды ете түседі», - дейді «Эксперт Қазақстан» агенттігінің қаржылық емес сектор жөніндегі сарапшысы Анна Акопьянц.

«INNOVA INVESTMENT» рейтингін шектейтін негізгі факторлар қарыздық жүктемелердің жоғарылығы болып табылады (2010 жылдың табыстарына 2011 жылғы 2-тоқсандағы борыштар үлесінің қатынасы 2,32-ті құрайды). Бұдан бөлек, бизнес ауқымының эмиссиялық параметрлерінің сәйкеспеуі (2010 жылғы табысқа эмиссия қатынасы  14,2-ті құрайды), өзіндік капиталдың төмендеуі (2008 жылдан 2011 жылдың 2-тоқсанына қарай өзіндік капитал 13,9 пайызға төмендеген), сондай-ақ активтердің төмендеуі де (2008жылдан 2011 жылдың 2-тоқсанына активтер 12 пайызға төмендеген) рейтингтік шектеуге соқтырып отыр.

Сонымен қатар, тежейтін факторлар арасында іскерлік белсенділіктің төменгі көрсеткішін (2010 жылдың қорытындысы бойынша дебиторлық қарыздың айналымдылығы - 492 күн, кредиторлық қарыз - 494 күнді құраған), рентабелділік көрсеткіштерінің жоғары еместігін (ROA - 0,52%, ROE - 0,55%)  және заем қаражаттарын әртараптандырудың төмен деңгейін айтуға болады.

«INNOVA INVESTMENT» ЖШС-ның негізгі қызмет бағыты жылжымайтын мүліктер бойынша операциялар, жылжымайтын мүлікке және құнды қағаздарға инвестициялар, риэлтерлік және консультациялық қызметтер жатады. Компанияның 2010 жылғы таза табысы 148 млн. теңге, активтері 28,6 млрд. теңге, ал өзіндік капиталы 26,5 млрд. теңгені құраған.

Соңғы жаңалықтар